Нұр-Сұлтаннан қала маңына қатынайтын үш бағдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды
19:54, 06 Наурыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына және трассаның жабық болуына байланысты қала маңына қатынайтын үш бағдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.
«City Transportation Systems» ЖШС хабарлайды: Ауа райының нашарлауына және трассаның жабық болуына байланысты, қала маңына қатынайтын № 310, 315, 316 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, № 317 бағдар Софиевка ауылындағы соңғы аялдамаға кірмейді.
№302, 303, 320 бағдарлар «Лесная поляна» ТА (жолды су басу) кірмейді.
№ 305, 312 бағдарлар Ақмол кентіндегі соңғы аялдамаға кірмейді.
Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.
Бұған дейін бұрқасын мен көктайғаққа байланысты елордадан Щучинск пен Теміртау бағытына шығатын жолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылғандығы хабарланған болатын.