Нұр-Сұлтаннан Шанхай мен Үрімжіге жаңа әуе рейстері ашылмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласынан Шанхай мен Үрімжіге жаңа әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда елордаәкімдігі мен Азаматтық авиация комитеті Қытайдың ірі әуе компанияларының біріChina Eastern Airlines, сондай-ақ қытайлық бюджеттік компания UrumqiAirlines-пен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

Бұл тұрғыда«Нұр-Сұлтан-Шанхай» рейсін 2020 жылдың бірінші тоқсанында ашу ескерілген.

Айта кетейік, осыбағытта әуе сапарларын қазақстандық әуе компаниялары да орындайды.

China EasternAirlines штаб-пәтері Шанхайда орналасқан. Бүгінде әуе компаниясы әлемнің 177елінде 1 052 бағдар бойынша жолаушылар тасымалын орындап келеді.

Соңғы жаңалықтар