«2020 жылдың 15 мамырында сағат 17.45-те технологиялық ақауға байланысты 5 тұрғын үй кешенін (Алматы, Сығанақ, Түркістан көшелерін) электр қуатымен қамтып отырған «Левобережная» подстанциясының №120 – 10 кВ-лық ұяшығы өшіп қалды. «Астана-РЭК» АҚ-тың жедел әрекет ету бригадасы электр қуатының өшіп қалуын анықтап, резервті кабельдік желіні іске қосу үшін оқиға орнына бірден шықты», - деп хабарлады «Астана-РЭК» компаниясынан.
Сағат 19.04-те шектеулердің бәрі алынып тасталып, тұрғын үй кешендерінің бәрі электр қуатына қосылды.
Мұндағы себеп – «Арнұр сервис-2005» ЖШС балансындағы кабель желісінің зақымдануынан болып отыр. Ақауды жою жұмысын «Астана-РЭК» компаниясының бригадасы атқарады.
Айта кетерлігі жарықтардың өшуінің бәрі де автоматты түрде iKOMEK 109 байланыс орталығына жолданады.
«Жарықтың өшіп қалуына байланысты қала тұрғындары 109 нөміріне - iKOMEK 109 байланыс орталығына хабарласа алады. Келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім өтінеміз», - деп хабарлады «Астана-РЭК» компаниясынан.