«Нұр жолы» бақылау-өткізу бекеті 21-23 наурыз күндері жұмыс істемейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурыз мерекесінің тойлануына байланысты Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 21-23 наурыз күндері жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.

«Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 21-23 наурыз күндері жұмыс істемейді. Шектеулер Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамының тойлануымен байланысты. Атап айтқанда, бұл күндері азаматтар, көлік құралдары мен жүк мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді» -деп жалызған ресми мәліметте.

Министрлік осыған байланысты тасымалдаушылар мен жолаушы азаматтарға алдағы күндерге жоспар құрарда осы шектеу шараларын ескеруді сұрап отыр.