деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұл жобалардың ішінде 9-ы биылғы жылғы маусымның 1-іне дейін, қалған 17 жоба маусымның 1-інен кейін іске қосылмақ. Барлық жобалар бойынша штаттардың құрамдары анықталды.
А. Күрішбаевтың сөзіне қарағанда, сонымен қатар министрлік 2010-2011 жылдары жүзеге асырылатын су шаруашылығы саласында 3 ірі жобаны енгізді. Бұлар жүйе құраушы маңызды жобалар екеніне тоқталған министр, онда Нұра - Есіл каналын қайта қалпына келтіру, Нұра өзенін техногендік ластанудан тазарту жобалары бар екенін жеткізді.
Атап айтқанда, Нұра-Есіл каналын тазарту жол картасы аясында жүзеге асырылмақ.