Спортшы алдағы ойынның маңыздылығын және командаластарының жағдайын айта келе, капитан мәселесі туралы пікір білдірді.
— Бас бапкер атап өткендей, құрам мен капитан туралы соңғы шешім кешке қарай қабылданады. Капитан болу — үлкен жауапкершілік. Ұзақ уақыт бойы тәжірибелі Асхат Тағыберген команда капитаны болды. Маған осы міндетті сеніп тапсырса, нағыз басшы болуға тырысамын, — деді ол.
Сонымен қатар футболшы алдағы кәсіпқой мансабына қатысты сұраққа жауап берді.
— Әрине, әрбір футболшы өзінің деңгейін көтеруге тырысады. Дастан ініміз 18 жасқа толғанда Челси командасында өнер көрсетеді. Қазақстандық футболшылардың басқа чемпионаттарға барып, биік деңгейлерден көрінуін тілеймін. Алдағы уақытта бәрі жақсы болады деп ойлаймын, — деді қазақстандық қорғаушы.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңі аясында 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасымен кездеседі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі ойынға шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады.