Қазақстандық Нұрасыл Төлебек Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Н.Төлебек 54 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Жатин Жатинмен жұдырықтасты.
Бірінші кезеңде төрешілер түгелдей қазақстандық боксшы басым түсті деп тапты. Қорытынды есеп – 4:1, Нұрасылдың пайдасында.
Осылайша Нұрасыл Төлебек Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды.
Кеше үш қызымыз чемпион атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Толғанай Қасымханның бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).