АСТАНА. KAZINFORM – Таеквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Чунчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.
Спортшы 59 келіге дейінгі салмақта екінші орыннан көрінді.
Финалда ол Ираннан келген Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті.
Айта кетейік, ФИДЕ әлемдегі үздік шахматшылардың рейтингін жаңартты. Қазақстандық шахматшылар әлемнің үздік ойыншыларының 5 рейтингі бойынша ТОП-10 қатарына кірді.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.