"Нұрбанк" саудалық қаржыландыруға арналған келісімге қол қойды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат / Елдос Өмірзақ/ - Бүгіннен бастап "Нұрбанк", Халықаралық Исламдық қаржылық сауда корпарациясының (ХИҚСК) несие желісі аясында бес миллион доллар мөлшеріндегі соманы пайдалануды бастады. Бұл жайлы «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Марат Зайыров баспасөз мәслихатында мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржыгердің айтуынша, аталмыш несие желісінің аясында ХИҚСК бір жылға дейінгі мерзімде банк клиенттерінің импорттық келісім-шарттарын тікелей қаржыландырып отырады. Қаржыландырудың бір артықшылығы - құнының төмендігінде. «Бұл келісімге қол қоя отырып, біз осы исламдық қаржыландыру, банк клиенттерінің сауда келісім-шарттарының баламалы және қол жетімді мүмкіндігі болатынына үміттенеміз», - дейді Марат Зайыров. Бұған дейін бекітілген нақты тәртіпке сәйкес "Нұрбанк" 100 млн. доллар мөлшеріндегі синдикатталған қарыз және жинақталған пайыздық сыйақысын өтеген. Синдикатталған қарызды өтеудің нәтижесінде "Нұрбанктің" қор құрылымындағы сыртқы қарызы 11 пайыздан 8 пайызға төмендеді. Бұл қазақстандық банктердің арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Сыртқы қарыздың қалғаны 150 млн. доллар көлеміндегі еурооблигациялардан тұрады.