85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен кездесіп, жекпе-жекті басымдықпен бастады. Бірінші раундты 5:0 есебімен аяқтап, екінші раундта да үстемдігін сақтады. Шешуші раундта да білгенінен жаңылмаған Нұрбек төрешілердің шешімімен жеңімпаз деп танылды.
Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) алтын жүлдені иеленсе, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) финалда жеңіліп, күміс медальмен шектелді.
Финалдық жекпе-жектен кейін 2026 жылғы Азия чемпионы атанған Оразбек Асылқұлов пікір білдірді.