Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі басталды.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен жұдырықтасты.
— Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші 2-раундта айқасты тоқтатты, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келіде Серік Теміржанов та Германия боксшысы Денис Брилді 5:0 есебімен жеңген еді.
Бұған дейін Нұрбек Оралбай Азия чемпионатында топ жарғанын жазғанбыз.