АСТАНА. KAZINFORM - Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Нұрдәулет Кұмарұлы (48 келі) күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Бунёд Хасановпен шеберлік байқасты. Кездесу барысында отандасымыз қарсыласына жол беріп қойды.
Ел құрамасынан Асқар Нұрәли (55 келі) бас жүлдені сарапқа салады.
Сондай-ақ енді ел құрамасынан Жаңажол Қуанышбек (45 келі), Базарбек Данияр (51 келі), Ақон Дамир (60 келі), Шамиль Досбол (65 келі), Мейірбекұлы Марлен (71 келі), Макхамбаев Марданбек (80 келі), Тойшы Əділет (92 келі), Советхан Бақтұp (110 келі) бозкілемге шығады.
Әлем чемпионаты 27-31 шілде аралығында өтеді.
Айта кетсек, қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады.
Біріккен күрес әлемі (UWW) жариялаған 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатында қызмет атқаратын төрешілер қатарында Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.