Нүрек ГЭС-індегі апаттың салдарынан Душанбе жарықсыз қалды

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Нүрек су-электр стансасындағы жүйенің тоқтап қалуы салдарынан Тәжікстанның біраз ауданы жарықсыз қалды.

Тек     аурухана,  министрліктер,  президент  сарайы  сияқты  маңызды нысандарда ғана     жарық   бар.

Нүрек  су-электр  стансасы - Тәжікстандағы ең  ірі стансы. Ол     республикадағы  электр   қуатының 70 пайыздан  астамын өндіреді.    Стансыдағы   апаттың салдарынан  Душанбе  жарықсыз      қалды.