Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты іс қай сатыда

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғардағы резонансты оқиғадан кейін жұмбақ жағдайда қайтыс болған Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты іс қай сатыда екенін айтты.

— Ол іс бойынша кешенді сараптама тағайындалған. Тергеу әрекеттері жүріп жатыр. 201-бабына сәйкес, толыққанды мәліметті бере алмаймын, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Журналистер одан Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу ісі неге ұзаққа созылып жатқанын сұрады.

— Қылмыстық іс Бас прокуратураның арнайы прокурор қызметінің өндірісінде. Прокурордың өндірісіндегі іске пікір білдіре алмаймын, — деді Санжар Әділов.

Кеше, аталған іс арнайы прокурорлардың қарауында екенін мәлім етті