Нұрғиса Тілендиевтің мол мұрасы қазақ мәдениетінің асыл қазынасы, таусылмас байлығы - Нұрболат Ахметжанов

АЛМАТЫ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдары рухани кеңістігіміздің өрісі кеңейді. Оны Мәдениет және ақпарат министрлігінің  Музыка өнері басқармасының бастығы Нұрболат Ахметжанов бүгін Алматыда өтіп

жатқан  Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ Республикалық дирижерлер байқауы кезінде айтты.

«Қазақ өнерінің ірі тұлғаларының бірі - Нұрғиса Тілендиев. Оның  мол мұрасы қазақ мәдениетінің асыл қазынасы, таусылмас байлығы. Композитордың мұрасын әрдайым насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа жетікізіп отыру баршамыздың парызымыз. Бүгінгі байқауды Мәдениет және ақпарат министрлігі осы мақсатта ұйымдастырып отыр», - дейді Н.Ахметжанов. Н.Қадырұлының айтуынша, 8 жылдан кейін қайта жалғасын тауып отырған бұл байқау  Қазақ дирижерлік мектебінің дәрежесін көтеруге үлес қосады. Қазақстанның  абырой-атағын асқақтатып, төрткіл дүниеге паш етуге үлес қосады. 2004 жылы өткен алғашқы байқауда Бас жүлдені Дәурен Ғылымов, бірінші орынды Ерболат Ахмедьяров, екінші орынды Е. Бақтыгерей иеленген болатын. Олардың арасынан ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің дирижеры Е. Ахмедьяров пен Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы академиялық Қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Ерлан Бақтыгерей бұл дүбірлі додада биыл  да өз бағын сынауда.