Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды
12:11, 15 Мамыр 2020
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.