Спортшы Қазақстан конкур командасының араға 20 салып қайта Азия ойындарына қайта оралғанын еске салды.
- Мен Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатырмын. Қазіргі уақытта біз Токиода жарысып жатырмыз, өйткені екі спорт түрі — ат спорты және суға жүзу — Жапония астанасына көшірілді. Мұндағы атмосфера өте қарқынды.
Бұл жолы бізде өте жас команда бар. Олардың барлығы болашағы зор шабандоздар,- деді ол.
Нұрила Тұрысбекованың айтуынша, қазақстандық спортшылар мінетін аттар өздеріне тиесілі және олар қажетті дайындықтан өткен.
- Біз бір жыл бойы дайындалдық және Еуропада тұрдық. Әрине, біз үздік үштікке кіру үшін барымызды саламыз, себебі бәсекелестік өте қиын, соның ішінде Азия чемпиондары мен Олимпиада ойындарына қатысушылар да бар,- деді шабандоз.
Ол сондай-ақ Азия ойындарында бақ сынаудың спортшыларға үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
- Мұнда жарысқа қатысып, Қазақстанның намысын қорғау – зор мақтаныш. Қазақстанға жанкүйер болып жатқандардың барлығына үлкен алғыс айтамыз, біз сол қолдауды сезініп отырмыз. Бізге сенім артқандарыңыз үшін рақмет. Біз бар күш-жігерімізді саламыз,- деді Нұрила Тұрысбекова.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, конкурдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жарыс жолын бастады.
Қазақстандық шабандоздар 3-4 қазан күндері жекелей сындада өнер көрсетеді.
Еске салайық, Астанада конкурдан CSI-W FEI Jumping World Cup және Challenge Cup финалы табысты өткен болатын.