Нүркен Мазбаев «Астана» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елге танымал қазақстандық шабуылшы Нүркен Мазбаев «Астана» футбол клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды sports.kz.

Нүркен Қалдыбекұлы бірнеше клуб сапында, оның ішінде«Жеңісте» (Астана) ойнап, 138 гол салған. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасындада сәтті өнер көрсетті.

Ол спорттық жолын аяқтағаннан кейін «Тараз» командасының құрылымында бапкерлерштабында жұмыс істеді, спорттық директор лауазымында еңбек етті.
«Тараздан» басқа Мазбаев Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің ассисентіболды. Сондай-ақ көкшетаудың «Оқжетбесінде» де өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Фото: prosports.kz

Соңғы жаңалықтар