Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлы 2025 жылдың 2 шілдесінде команда тізгінін қолға алды.
Н.Мазбаев 1972 жылдың 7 сәуірінде дүниеге келген. Футболшылық мансабында «Тараз», «Қайсар», «Синтез», «Жеңіс», «Достық», «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасы» командаларында доп тепті.
Қазақстанның жоғары дивизионында 362 матч өткізіп, 138 гол соққан тәжірибелі маман 2008 жылдан бері «Тараз», «Оқжетпес» командалары және Қазақстан ұлттық құрамасында бапкерлер құрамында болды. 2018 жылы «Таразда» бас бапкер болса, 2019 жылдан бері «Астанада» спорттық директор қызметін атқарды.
Нұркен Мазбаев 2015-2016 жылдары Юрий Красножан жетекшілік ететін бапкерлік штабтың құрамына кірді.
«Ұлытау» биыл Қазақстан Премьер-лигасында 30 ойыннан кейін 35 ұпай жина, тоғызыншы орынға табан тіреді.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Ордабасы» футбол клубы мен бас бапкер Андрей Мартин өзара келісім бойынша еңбек шартын ұзартпау туралы шешім қабылдады.