ОРАЛ. KAZINFORM — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен меритократия қағидатына сәйкес Нұркен Еділұлы Молдашев БҚО құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Нұркен Молдашев 1990 жылы Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін машина жасау және құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Орал қаласындағы «БатысКонстракшн» ЖШС, «ККБ» ЖШС, «Әлім» ЖШС, «Уральскстроймонтаж» ЖШС құрылыс компанияларында жұмыс істеді.
Сондай-ақ БҚО құрылыс басқармасы өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы, осы басқарманың өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет еткен.
Тағайындауға дейін БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әлібек Антазиевтің БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болғанын жазған едік.
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).