АСТАНА. KAZINFORM — Жарыс жолына алғаш болып еркін күрес шеберлері шықты. Бірінші жарыс күнінде қазақстандық Асыл Айтақын (61 келіге дейін) мен Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) финалға жолдама алды.
Асыл Айтақын алтын медаль үшін Түркия өкілі Толга Озбекпен күреседі. Ал Нұрқожа Қайпанов ақтық сында Қытай балуаны Фэн Лумен өзара мықтыны анықтайды.
57 келіге дейінгі салмақта Нұрданат Айтанов қола жүлде үшін канадалық Тимоти Левайнмен белдеседі.
Айта кетейік, жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша қола жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың саны артуы мүмкін. Финалдық кезең бүгін өтеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық төрт боксшы Азия чемпионатының жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Еңбек жолын Baribar.kz порталында бастаған. Түрлі басылымда қызмет еткен. 2025 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы қызметін атқарады.