Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрлан Жанұзақұлы 1975 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.

Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институтын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтаждаушы, шебері болып бастаған.

2002–2008 жылдары Ташкент және Шымкент қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызмет атқарған.

2008–2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, бас маманы.

2012–2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары.

2015 жылы ОҚО ТКШ және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2015–2016 жылдары — «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, Партиялық бақылау қызметінің басшысы.

2016 жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы болды.

2016–2018 жылдары — ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2018–2020 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.

2020–2023 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметін атқарды.

Айта кетейік, Виктория Шегай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.