Нұрлан Алмасбеков Шымкент полиция департаментіне басшы болды

Фото: Фото: Шымкент ПД

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкент полициясының жаңа бастығы тағайындалды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Нұрлан Сейсетайұлы Алмасбеков тағайындалды.

Департаменттің жаңа басшысының әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол.

Нұрлан Алмасбеков бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.