Ол облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен су тасқыны жағдайы жөнінде жедел кеңес өткізді.
Өңірде су тасқыны қаупі әлі де жоғары. Облыстың 5 ауданы мен Орал қаласында бірнеше тұрғын үйді, сондай-ақ Орал қаласының маңындағы саяжайларды су басты.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарына су тасқынына қатысты қалыптасқан жағдай бойынша үндеу жолдаған болатын. Өңір басшысы облыста су тасқыны қаупі әлі сейілмегенін айтты.