«Сіздердің қарауларыңызға Елдің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңының жобасы енгізіліп отыр. Болжам халықаралық ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша күтулерін, сыртқы тауар нарықтардағы конъюнктураны ескере отырып қалыптастырылды. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес әлемдік экономика 2025 жылы 3,3 пайыз деңгейінде өсетін болады. Мұнайдың әлемдік бағасы бойынша консенсус-болжамы 2025 жылы барреліне 78 АҚШ долларын құрайды», - деді министр.
Оның атап өтуінше, сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты дамудың базалық, оптимистік және пессимистік сценарийі қалыптастырылған.
«Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасы барреліне 75 АҚШ доллары деңгейінде ұсынылады. Болжам бойынша 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 5,6 пайызды, 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,4 пайыз болады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2025 жылы 150,8 трлн теңгеден 2029 жылы 234,2 трлн теңгеге немесе 498,4 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Бұл Мемлекет басшысы экономика көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді», - деді ол.
Нұрлан Байбазаровтың дерегінше, экономиканың барлық саласында өсу жоспарланған. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 2025 жылғы 5,4 пайыздан 2029 жылы 6,6 пайызға дейін өседі деп болжанып отыр. Тау-кен өнеркәсібіндегі орташа жылдық өсім 2,9 пайыз. Мұнай өндіру көлемі 2025 жылы 97,2 млн тоннадан 2029 жылы 104,8 млн тоннаға дейін өседі. Ауыл шаруашылығында орташа жылдық өсім - 5,3, құрылыста – 9,3, көлік қызметтерінде – 8,2 және саудада 7,1 пайыз болады.
«Болжам бойынша тауар экспорты 2025 жылы 82,3 млрд АҚШ долларынан 2029 жылы 90,0 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Импорт 61,3 млрд АҚШ долларынан 67,5 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Сауда балансының оң сальдосы орташа есеппен 22,7 млрд АҚШ долларыны құрайды. Инфляция деңгейі 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз, 2026 жылы 5-6 пайыз деңгейінде айқындалды, кейіннен 2027–2029 жылдары 5 пайызға дейін төмендейді», - деді министр.