— Фермерлерді қолдау жалғасады. Келесі жылға көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінгі таңда фермерлерден өтінімдер қабылданып жатыр. Жалпы, біздің экономикамызға шетелдік капиталды тарту бойынша жұмыс күшейтілді, — деді Нұрлан Байбазаров.
Вице-министрдің айтуынша, бизнес үшін жағдайды жақсарту және экономиканы ырықтандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасады.
— Біз Үкімет бағдарламаларын іске асырудан экономикаға шетел валютасының түсуі валюта нарығын тұрақтандыруға әсер етеді және экономиканың одан әрі өсуіне ықпал етеді деп сенеміз — деді ол.