Оның айтуынша, мұсылман үшін әдеп пен жақсы мінез маңызды қасиеттердің бірі.
— Құдайға жақындау әдеппен болады. Хадистерде де әдеп — мұсылманның тәртібі, ол ұлы нәрсеге ие. Мұны «хуснул-хулқ», яғни жақсы мінез дейді. Бірінші иман, сенім тұрады, одан кейін жақсы мінез тұрады. Құлшылық тұрмайды, намаз тұрмайды қазір бір нәрсе болса намаз оқимын, ораз ұстаймын, мешітке жүз рет бардым деген сияқты сөздерді алға тартамыз ғой.оныі бәрі жай нәрсе егер сіздің мінезіңіз болмаса, — деді Нұрлан Байжігітұлы.
Имам адамның рухани деңгейін оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы арқылы да бағалауға болатынын атап өтті.
— Адам құдайға жаққан сайын ортаға сіңімді болады, елге жағымды болады, ағайынына өтімді болады. Жүрегі нәзік, жұмсақ болады. Ал адам құдайынан ұзаған сайын қатал, қатігез, ешкімді қабылдамайтын, тек «менікі» дейтін дара адамға айналады. Бірақ ол тұлға емес, жалғыз қалған дара адам болады, — деді ол.
Нұрлан Байжігітұлы бұл ұстанымды қазақтың «көппен көрген — ұлы той» деген сөзімен байланыстырып, адамның қоғамнан бөлінбей, көпшілікпен үйлесімді өмір сүруі маңызды екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы тойдағы діни талаптарды қазақтың дәстүрі мен болмысынан бөлек қарауға болмайтынын айтты.