Нұрлан Боранбаев Алматыда қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы әкімінің бұйрығымен сәулетші – қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының міндетін уақытша атқару лауазымына Нұрлан Боранбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: gov.kz

Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы 1963 жылы 22 желтоқсанда Ақтөбе қаласында туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын 1988 жылы бітірген. Еңбек жолын Ақтөбедегі «Ақтөбеазаматжоба» жобалық ұйымында сәулетші болып бастаған. Жеке компанияларда және мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.

«Қаланыбезендіру», Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбегеодезия» КМК-да басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ әкімнің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болды.

Кейін «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің бастығы, «Актюбгрпждпнпроекттің» бас сәулетшісі болып жұмыс істеді.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ол «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС-де деректермен жұмыс жөніндегі директор қызметін атқарған.