АСТАНА. KAZINFORM – Нұрлан Домбаев қола жүлде үшін күреседі. Бұл туралы ҚР Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 санатында сынға түскен Нұрлан Домбаев Коста-Рика спортшысы Молина Андреспен кездесіп, жұбаныш жекпе-жегінде 18:5 есебімен жеңіске жетті. Енді Нұрлан Паралимпия ойындарының қола медальі үшін күреседі.
Жекпе-жек Астана уақытымен 22:50-де өтеді.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)