АСТАНА. KAZINFORM — 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 класында күрескен Нұрлан Домбаев Паралимпиада ойындарында қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 1:7 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
Бұған дейін ширек финалда Нұрлан ирандық спортшы Алиреза Бахтқа 2:3 есебімен есе жіберіп, жұбаныш жекпе-жегінде Коста-Рика өкілі Молина Андресті 18:5 есебімен жеңген болатын. Париж Паралимпиадасы 9-шы қыркүйекке дейін жалғасады.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар, оны Еркін Ғаббасов 10 м винтовкамен пара нысана көздеуден жеңіп алды.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)