Оның айтуынша, бүгінде біз бұрын жолға қойылған жақсы қарым-қатынастарды қайтадан жандандыруға тиіспіз. «Сөзге келіп қалу - қас қағым сәтте. Ондай жағдайлар тарихта талай рет болған. Соның кесірінен бірнеше ұрпақтар жүздеген жылдар бойы ортақ тіл табыса алмай кеткен. Мұндай жағдай қазір ешкімге де керек емес», - деді Н. Ерімбетов.
18:21, 06 Ақпан 2013
Нұрлан Ерімбетов қазақстандық-ресейлік қоғамның достығын нығайтуды ұсынды
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жанындағы Әлеуметтік әріптестік орталығының жетекшісі Нұрлан Ерімбетов қазақстандық-ресейлік қоғамның достығын нығайтуды ұсынды. Бұл жөніндегі ойын ол «Еуразиялық интеграцияға әлеуметтік қолдау қажет пе?» деген тақырыпта өткен Астана-Мәскеу телекөпірі барысында жеткізді.