Нұрлан Ермекбаев: Әскерилер қаза болған ұшқыштардың отбасыларын қамқорлыққа алады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жерде қаза тапқан әскери қызметшілерге арналып ескерткіш ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ескерткіштің ашылурәсіміне ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Қызылорда облысының әкіміҚуанышбек Ысқақов, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиациягенерал-майоры Нұрлан Кәрбенов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиациягенерал-майоры Дәурен Қосанов, қаза болған әскери қызметшілердіңтуған-туысқандары, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдері мен жергілікті әскерибасқару органдарының жеке құрамы қатысты.

«Бүгін оқиғаорнында біз оқу жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, бейбіт уақыттамезгілсіз өмірден озған Отанымыздың ұлдарына ескерткіш орнатудамыз.Жігіттеріміз әскери ант пен жауынгерлік бауырластыққа адалдықтарын дәлелдеді.Мыңдаған ұлдарымыз бен патриоттарымыз Қарулы күштерде қызмет етуде. Олар әскериант пен әскери борышқа адал», - дедіҚорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Салтанатты рәсімбарысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза болған әскери қызметшілергеүнсіздікпен құрмет көрсетілді. Туған-туысқандары үшін жауынгерлердің осырәсімге қатысуы мен моральдық қолдауы ең маңызды болды.

Оқиға орын алғансәттен бастап Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша туған-туысқандарыментығыз қарым-қатынас орнатылуда. Ұдайы түрде қажетті психологиялық, материалдықжәне өзге де көмек көрсетілуде, сондай-ақ Қазақстанның қолданыстағы заңнамасынасәйкес барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдер іске асырылуда.

Одан басқа, Қорғаныс министрінің нұсқауы бойыншагарнизон бастықтары мен Әскери-әуе күштері авиациялық базаларының командирлеріқаза болған ұшқыштардың отбасыларына шефтілікті ұйымдастырды және бұл қатысубір реттік іс-шара болмайды.

Қорғаныс министрі қазаболғандардың туысқандарына осындай адал азаматтар тәрбиелегені үшін алғыс айтты.

Ол әскериқызметшілердің қазасы – бұл олардың жақындары мен туысқандары үшін ғана емес,сонымен бірге, Қазақстан Қарулы күштері үшін орны толмас қайғы екенін жеткізді.

«Біз оларды мақтантұтамыз, әскери іс пен Отанға деген адалдықтарын мақтан етеміз, қазаболғандардың отбасыларымен бірге орны толмас қайғыларына ортақпыз. Осындайұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға мың тағзым», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Еске сала кетсек, елПрезидентінің Жарлығымен қаза болған әскери қызметшілер әскери қызметтікміндетті үлгілі орындағаны, ерліктері мен жанқиярлықтары үшін «Жауынгерлікерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.