Нұрлан Ермекбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Н.Б. Ермекбаевты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                             Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек

                 № 332