Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Германияға барды
Биылғы 18-20 шілде аралығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қамтылған 5 институционалдық реформаны іске асыру аясында құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын басқарған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев Германия Федеративтік Республикасында сапармен барды.
Сапар барысында Сыртқы істер министрлігінің және Федералдық ішкі істер министрлігінің, өңірлік полиция органдары мен және пенитенциарлық жүйенің, сондай-ақ полиция академиясының басшылығымен кездесулер өтті.
Сапар барысында Н.Ермекбаев Бремендегі «Райнметал груп» әскери-өнеркәсіптік кәсіпорынға барып, жасалған өнімдердің үлгілерімен танысты.