Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өрнек» баспасында басылып шыққан бұл кітапқа жазушының әр кезде жазылған әңгімелері мен шетел әдебиетінен аудармалары қамтылған. Әңгіме жазу – қысқа-нұсқалықты, аз арқылы көпті қамтуды, композициялық жинақылықты, әсіресе, тіл шеберлігін қажет етеді. Өмірдің өзінен ойып алынған түрлі оқиғалар мен жағдаяттарға құрылған әрбір әңгіме оқырманды бей-жай қалдырмайтыны анық. «Аз жазсаң да, саз жаз» дейтін принципті ұстанатын жазушының бұл жинағына 19 авторлық, 5 аударма әңгіме қамтылған.
«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Нұрлан Қабдайұлын тырнақалды туындысы жарық көруімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейді.