Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған мәліметке қарағанда, прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген Нығматулин Арғын Зайроллаұлына іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
Ғаламтордағы мәліметтерге қарағанда техника ғылымдарының кандидаты Арғын Зайроллаұлының 20-дан астам ғылыми жұмысы, өнертабысқа арналған 3 авторлық куәлігі бар. Бірнеше орденмен және медальмен марапатталған. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болған.
Бұған дейін Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланғанын хабарлаған едік.