«Маневрлік қуат тапшылығын ескере отырып, министрлік еліміздің оңтүстік өңірінде генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі 4 әлеуетті жобаны пысықтады. Жалпы, оңтүстік өңірде 2025 жылға дейін шамамен 1300 МВт газ генерациясын іске қосу жоспарлануда. 2025 жылдың соңына дейін белгіленген жиынтық қуаты 178 МВт-қа жуық 13 су электр стансасы нысанын іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Сонымен қатар ол биыл маневрлік су электр стансасын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздері бойынша жиынтық қуатқа аукциондық сауда-саттық өткізу белгіленгенін айтты.
«Жалпы алғанда, 2025 жылы ЖЭК электр энергиясын жалпы өндіру үлесін 6 пайызға жеткізу күтілуде», - деді Нұрлан Ноғаев.