«Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар барлық ұйымдарға, мекемелер мен шағын және орта бизнес нысандарына кедергісіз кіріп-шығуы тиіс. Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шаштараздар, дүкендер, демалыс орындарына қожетімді болуына жағдай жасап, осы бағыттарда кездесетін кедергілерді жоюымыз керек. Біз өмір сүретін қоғам барлық санаттағы азаматтарға қолайлы болуы үшін жұмыс жасауымыз керек. Жағдайды түзеуге уақыт беремін. Егер оң шешімін таппаса, жауапты тұлғалар жауап берулеріне тура келеді», - деді өңір әкімі.
Айта кетейік, облыста жалпы 766 пандус бар. Ол қажеттілікті толық өтемейді, қазіргі кезде облысқа кемінде 1400 пандус қажет.