Облыс әкімі Ақтау қаласындағы 14-шағын ауданда орналасқан 31-сайлау учаскесінде дауыс берді.
Маңғыстау облысында Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру жалғасуда.
- Бүгін бүкіл ел үшін айтулы күн, таңнан бері тұрғындардың белсенділік танытқанына өте қуаныштымын. Әркім өз таңдауын жасайтыны сөзсіз, бірақ барлық сайлаушылардың ойы бір жерде: бәріміз бейбіт елде өмір сүргіміз келеді. Бүгін президенттік сайлауға қатысқан әрбір адам жарқын болашақ үшін дауыс берді, - деді Нұрлан Ноғаев.