Атырау қаласында өткен салтанатты шарада облыс әкімі мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін ерекше бағалайтынын айтты.
- Егер адамның тәнін дәрігерлер емдейтін болса, жанына сіздер дәрусіздер. Адамның ішкі тұғырының биік болуына, өмірде кездесетін өтпелі қиындықтарға төтеп бере алатын мәдениетті азамат болып қалыптасуына сіздердің еңбектеріңіз зор, - деді аймақ басшысы
Шара кезінде мәдениет және өнер саласында еңбек сіңірген ардагерлерге құрмет көрсетіліп, салада қызмет етіп жүрген мамандар алғыс хаттарға ие болды.