Нұрлан Нығматулин Абай өлеңдерін оқу эстафетасын өзбекстандық әріптесіне жолдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған челенджді қолдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Палата Спикері эстафетаны халықтың сүйіктісі, бүкіл әлемге қазақ мәдениетінтанытқан, аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегеновадан қабылдады. НұрланНығматулин Ұлы Абай бүгінде тек қазақ халқымыз ғана емес, бүкіл әлем үшін декемеңгер тұлғаға айналғанын айтып, Абай атамыздың өлеңдері, Абайдың «Қара сөздері»адам баласын ерінбей еңбек етуге, берекелі өмір сүруге, өнерлі, білімді жәнеқайырымды болуға шақыратынына назар аударды.

«Осы жолда Ұлы ақынның ұрпаққа қалдырған өсиет сөздері ешқашан ескірмейтінжәне таусылмайтын мол қазына. Сонымен бірге, егемен еліміздіңдаму жолында рухани тірек болатын алтын мұрамыз. Сондықтан, қанша жылдар, қаншағасырлар өтсе де Абай шығармалары әрқашанда маңызды» - деді Мәжіліс төрағасы.

«Нұрлан Нығматулин бүгінде дүниежүзіне таралған Абай эстафетасы жүрегі елімдеп, жерім деп соғатын әрбір азаматқа рух беретін, жігер беретін ерекше бастамадеп есептеймін», - деді.

Палата Спикері Н. Нығматулин Абай Құнанбайұлының өлеңін оқып, бұл маңыздышараны одан әрі жалғастыру үшін өзбекстандық әріптесі Өзбекстан ПарламентініңСпикері, Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының төрағасы - НурдинжонИсмоиловке жолдады. Айта кету керек, акцияның мақсаты -қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларынан үзінді оқу.

Айта кетейік, ҚРПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабылалып, оны Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетовкежәне бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші ДимашҚұдайбергенге жолдаған еді. Кейіннен аталмыш этафетаны, еліміздің өңірлерініңбасшылары, дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, өнерадамдары, шетелдіктер де қолдап, Абай өлеңдерін оқып, шығармаларын орындады.

Соңғы жаңалықтар