Нұрлан Нығматулин АҚШ конгрессмендерімен кездесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасы мүшелері Дэвин Нуньес және Рик Кроуфордпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палата спикері атап өткендей, АҚШ-пен өзаратиімді жан-жақты байланысты дамыту біздің еліміздің сыртқы саясатының басымбағыттарының бірі. Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті – ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы қаңтарда Америка Құрама Штатына жасаған ресми сапарыекі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптесікке серпін бергенін атапөтті. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқалыптасқан сыртқы саяси ұстанымды сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалықдамуға арналған стратегиялық бағытты жалғастырып келе жатқанына назараударды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың, соның ішіндехалықаралық қауіпсіздік, энергетика, ауыл шаруашылығы басқа да салалар бойынша ықпалдастықты нығайтумәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Дэвин Нуньес біздіңеліміздің көптеген бағыттар бойынша жетістіктеріне жоғары баға берді.Сондай-ақ, елдеріміз арасындағы лаңкестікпен күрес бойынша сындарлы байланысқакөңіл бөлді.

Кездесубарысында Н. Нығматулин парламентаралық ынтымақтастық туралы да сөз қозғап,Мәжіліс депутаттарының АҚШ-тағы әріптестерімен заң шығару жұмысында тәжірибе алмасуға ынталыекенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар