11:45, 24 Сәуір 2020
Нұрлан Нығматулин қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспаөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз құттықтауында: «Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мұсылман қауымы үшін рухани тазарып, береке мен бірлік, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын қасиетті уақыт. Осы уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектер қабыл болып, қасиетті ай - әрбір азаматқа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін! Халқымыз қазіргі уақытша қиындықтан аман өтіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,- деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.