«Барлығы жақсы. Сіздерге де мықты денсаулық тілеймін. Осы орайда жағдайымды сұрағандарыңыз үшін үлкен алғысымды жеткізгім келеді»,- деді Нұрлан Нығматулин журналистерге қаратып.
Сонымен қатар тілшілер: «Жұмысты сағындыңыз ба?» деген сауал қойды.
Өз кезегінде Мәжіліс Төрағасы ем-дом қабылдағаннан кейін Парламенттегі қызметіне оралуға асыққаннын атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай ,Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне Астана қаласындағы Республикалық кардиологиялық орталықта ота жасалды.