Сапар барысында Вьетнам Ұлттық Жиналысының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен және осы елдің жоғары мемлекеттік билік органдарының басшыларымен келіссөздер өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Ханой университетінің профессорлық – оқытушылар құрамымен кездесіп, Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығына барады.
Дананг қаласындағы келіссөздер барысында қазақстан-вьетнамдық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады. Онда Мәжіліс Төрағасы Вьетнамның экономикалық мүмкіндіктерімен танысады.