«Мәжіліс депутаттарының атынан және жеке өз атымнан Жамбыл облысында болған жол-көлік апатынан қайтыс болған азаматтардың барлығының жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Қаншама адамның өмірін қыршынынан қиған бұл қайғылы жағдай біздің қабырғамызды қайыстырды. Қайғыларыңызға ортақпыз»,-деді Мәжіліс төрағасы.
Нұрлан Нығматулин сонымен қатар осы оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.