Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ неліктен кредитке батып қалғанын түсіндірді

Фото: Фото: Kazinform

2030 жылға дейін 800-ден астам жолаушы вагонын сатып алуға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«2030 жылға дейін 800-ден астам вагон сатып алынады. Жолаушы тасымалы мемлекеттің әлеуметтік қызметі саналады және оған ақша республикалық бюджеттен бөлінеді», - деді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол компанияның қаржылық жай-күйіне тоқталды.

«Егер 2019 жылды алсақ, онда негізгі стратегиялық мақсат компанияның қаржылық тұрақтылығы болды. Екі жылдан кейін бұл мәселе күн тәртібінен түсіп қалды. Өзектілігін жоғалтты. Соңғы 2 жылда кірісіміз 1,3 трлн теңгеден 2 трлн теңгеге дейін артты. Дегенмен, ҚТЖ-ның кредиттену мәселесі қалып отыр. Өйткені, тарифте кредитті қайтару мөлшерлемесі қарастырылмаған. Және де қазіргі уақытта бізге жаңа жолдар салу, вагон сатып алу бойынша қандай міндеттер жүктелгенін көріп отырсыздар. Олар жеңілдетілген бағамен алынады. Бірақ, қалай десек те олар ҚТЖ кредиті ретінде әсер етеді. Соған байланысты біздің кредиттенуіміз артып келеді», - деп түсіндіреді Нұрлан Сауранбаев.