Нұрлан Телтаев СҚО Ақжар ауданына әкім болып тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Ауданның жаңа басшысын активке Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды.

Фото: СҚО әкімдігі

Нұрлан Телтаев 1974 жылдың 9 маусымында СҚО Мағжан Жұмабаев ауданында дүниеге келген. 

1996 жылы Қорған ауыл шаруашылығы академиясын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы саласы мен жергілікті атқарушы органдардағы қызметпен байланысты. 2007 жылдан бастап Аққайың ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылдың ақпанында Қызылжар аудандық AMANAT партиясы филиалының төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар Қызылжар ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына кірді.

Бұған дейін Еркебұлан Иембердиев Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.