Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады.
Нұрлан Ұранхаев жаңа лауазымында ол өнеркәсіп және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Білімі:
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (1982-1987)
Мамандығы: «Инженер-механик»
Қазақ қаржы-экономикалық институты (1998-2001)
Мамандығы: «Экономист-менеджер»
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (2004-2006)
Мамандығы: «Инженер-құрылысшы»
Еңбек жолы:
Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб (1987 ж)
Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы (1995-1997 жж)
«Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (2001-2003 жж)
Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы (2003-2005 жж)
Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы (2005-2006 жж)
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2006-2007 жж)
Астана қаласы, ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары (2007 ж)
Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы (2008 ж)
«Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей қаласы (2009-2010 жж)
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (2010-2013 жж)
Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі (2013-2014 жж)
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы (2014 ж)
Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана қаласы (2015-2017 жж)
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы (2017-2018 жж)
Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы (2019 – 2022жж)
Абай облысының әкімі (2022 ж. маусым)
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты деректерді мына жерден оқи аласыз.