Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.